Жанша Текеева

Текеева Жанша Тәжібайқызы 1961 жылы 19 наурызда Атырау (бұрынғы Гурьев ) облысы Мақат ауданы Доссор кентінде интеллегент (журналисттер) отбасында дүниеге келген.
1978 жылы кенттегі Абай атындағы орта мектепті бітірді.Сол кездегі аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен аудандық «Мұнайшы» газетіне корректорлық қызметке, кейін газеттің әдеби қызметкері (журналист) мамандығына көтеріледі. Мектеп тынысы, өндіріс тақырыптарына мақалалар жаза бастады. Жастық жігермен көп кешікпей 1983 жылы облыстық «Атырау» («Коммунистік еңбек» ) газетіне жұмысқа тұрады.Мұнда да қаламын ұштай түсті.Сол кезде оның қаламынан «Ұрпақтар үндесуі», «Мұнайлы өлкенің жастары» тақырыбында мақалалар мен біраз өлеңдері газет бетінде жарық көрді. 1984-1988 жылдары Атырау (Гурьев) педагогикалық институтының күндізгі бөлімін бітіреді.Жолдамамен Доссордағы С. Шәріпов атындағы мектеп-интернатына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрады.Аз уақыттың ішінде жас ұрпаққа берген тәрбиесінің арқасында жоғары санатты мұғалім дәрежесіне дейін өседі.
1994 жылы Атырау қалалық білім беру мекемесіне өз пәнінен әдіскер –маман болып жұмысқа орналасады.1996-2013 жылдары № 34 лингвистикалық мектеп-гимназиясында өз мамандығы бойынша жұмыс жасап, бірнеше ғылыми жұмыстар мен олимпиадалардың үздіктерін және «Алтын белгі» иегерлерін дайындап шығарды.
1997 жылы «Рауан» баспасы. «Диктанттар жинағы» жинағының
авторы.Мұғалімдер арасындағы олимпиада жүлдегері, қалалық «Қазақ тілінің үздік
оқытушысы»,облыстықта «Үздік филолог» атанды. Қала көлемінде іс-тәжірибесі
таратылу мақсатында кітапша жарық көріп, дискіге жазылып, таратылды. 2012-
2013 оқу жылының алғашқы сабағын кіріктірілген сабақ түрінде(ағылшын,
француз, араб) өткізді.
Біраз жылғы еңбек еленіп, қалалық, облыстық оқу бөлімінің Мақтау қағазына, Құрмет грамотасына, 1 дәрежелі Дипломдары мен Алғыс хаттаынаға ие болды.
2013 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді.
2014 жылы PISA халықаралық зерттеу ұйымының сертификатына, ағылшын
тілінен А2 деңгейлік, АКТ оқытудан сертификаттарға ие. Облыстық
«Функциональдық сауаттылықты арттырудағы жұмыстар»тақырыбында семинарда
ашық сабағы ұйымдастырды.
«Атырау» газетіне мектеп жаңалықтары шықты.»Фариза-әлем, Фариза-
өлең»мақаласы тағы басқа жарыққа шықты.Республикалық «Сыныптан тыс
жұмыстар» журналына «Көркем шығармаларды оқыту»туралы мақаласы жарық
көрді. «Қазақстан патриоты» журналына мақала мен оқушы шығармашылығы
жарық көрді.
«Зияткер» журналына Ж.Нәжімеденовтің «Ән бұлағы» поэмасынақойылған
«Қорлан» қойылымы мен «Шығармадағы идея мен тақырыпты түсіну» үздік тәрбие
сағаты мен сабағы жарияланды;НЗМ мұғалімдерінің «Жаңа форматтағы қазақ тілі
мен әдебиеті» жинағына ашық сабақтары енді. Жинақ 100 данамен таратылды.
«Білімділер» порталына ашық сабақтар мен материалдар; Осы порталдың Құрмет
тақтасы мен сайттан вебпарақша ашып, материалдары жарияланды. Сайттың
«Үздік мұғалімі» атанды.»Фейзбук» парақшасына мақала мен қызықты оқиғалар
жарық көрді.»Укипедия»,«45 минут» ,«Ашық сабақтар» ,»Сабақтар», «PED.KZ»
«Инфосабақ», сайттарына, «Білімді ел» газеті мен «Игілік», «Әдістеме»
журналдарына ашық сабақтар мен материалдар жарияланды.
«Қазақстан Ұстазы» порталына қауымдастығының мүшесімін, куәлігім
мен төсбелгісі және энциклопедияға енді.