«Химия біздің айналамызда» 7-сынып элективті курс бағдарламасы.

«Химия біздің айналамызда» 7-сынып  элективті курс бағдарламасы.

Авторы  Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы №1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі: Карабаева Улжан Умирбаевна.

Түсінік хат.

«Химия» пәні бойынша таңдаулы курс бағдарламасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде және оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қазіргі химия негізін оқытуға бағытталған.

Химия қоршаған ортаны тану жөніндегі дербес қалыптасқан жаратылыстану ғылымдарының бірі болып табылады. Оқушыларды айналадағы заттармен, олардың химиялық табиғатымен таныстыру мақсатында таңдаулы курс бағдарламассы ұсынылып отыр. Таңдаулы курсты оқыта отырып, оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін химиялық заттармен және олардың пайдасы мен зияны, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білімдерін кеңейтіп, салауатты өмір салтына баулимыз.

«Химия біздің айналамызда» бағдарлмасы  аптасына 1 сағат жылында  34 сағатқа негізделген.

Курс негізіне 9  бөлімнен тұрады. Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар. Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Атомдар. Молекулалар. Заттар. Ауа. Жану реакциясы. Химиялық реакциялар. Химиялық элементтердің периодтық кестесі. Салыстырмалы атомдық масса. Қарапайым формула. Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Бұл курсты оқу арқылы оқушылар Химия бойынша 7-сыныпқа арналған интерактивті ресурстар сені атомдар және молекулалармен танысып, олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтауды үйренеді. Олар бірдей атомдар жиынтығының элемент деп аталатынын біледі және элементтердің таңбалары мен валенттілігін қолдана отырып, бинарлы қосылыстардың формулаларын дұрыс құрастыруды меңгереді. Химиялық элементтердің периодтық кестесінің құрылымы туралы алған білімі  химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеуге көмектесетінін түсіне алады.