Сайт туралы пікір

Мен,  Омарбекова  Салтанат Кунтугановна, Қызылорда қаласы  С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология  мектеп лицейінің информатика пәні мұғалімімін.

Облыстық  ұстаздары арасында 1,000 000 т сертификатымен марапатталдым. Ең  алғаш ККО (КОНКУРС, КОНФЕРЕНЦИЯ, ОЛИМПИАДА) сайтымен танысып, Республикалық  конкурстарға қатыстым. Соның ішінде, «Үздік ашық сабақ», «Үздік баяндамашы», «Үздік педагог»  сайыстары бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болдым. Бұл байқаулар жыл бойы өткізіліп, мұғалімдер мен оқушыларға  көп көмек болды.   Солардың ішінде оқушылар арасында пәндер бойынша өткізілетін олимпиадалардың орны ерекше. Информатика  пәнінен оқушыларым Әлімхан Гүлсезім, Сұлтанов Әлімжан, Наметчаев Арсен, Шорман Ардақ, Қазбек Жанайым т.б. оқушыларым Республикалық  ККО-ның олимпиадасына қатысып, жүлделі І, ІІ орынға ие болды.

Өзім Алғыс хатпен марапатталдым. Құрметті ұстаздар, сіздерге де шабыт сыйласын, ерінбей қатысыңыздар, сонда міндетті түрде жеңіске жетесіздер!ККО олимпиадасының ұйымдастырушыларына оқушылардың білімін дамытудағы ерең еңбегі үшін алғыс білдіреміз!