Оңайбекова Толғанай Қаналықызы — пікір

Мен, Оңайбекова Толғанай Қаналықызы,

«Қызылорда қаласы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицей» (ITмектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімімін.Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік университетінің атына елеулі үлес қосқаны үшін 75 жылдық мерекелік медалімен және «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының мүшесі куәлігі және ІІ дәрежелі медалі, төсбелгісімен марапатталдым. «Қазақстан Ұстазы» республикалық жобасының аккредитациялық кеңесі www.kzu.kz. адресі бойынша орналасқан электрондық энциклопедиясына енгізіліп,“PERSONA GRATA” сертификаты және медаліне ие болдым. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама – 2015» сертификатымен марапатталғанмын. «Үздік жыл мұғалімі – 2016» конкурсының жеңімпазы, сертификат және 150000тг сыйақы грантының иегерімін. ҚКО (конкурс, конференция, олимпиада) сайтыментанысып, пәндік олимпиадаларға және мұғалімдер арасында өткізілетін конкурстар мен конференцияларға қатысып, жүлделі І,ІІ орындарды иеленіп жүрмін. Биылғы жылы бірінші сынып оқушыларын пәндік олимпиадаларға қатыстырып, 5 оқушым жүлделі І орынды иеленді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында білім алушылардың білімі мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін шыңдауда түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысуға мүмкіншілік жасап, қолдау көрсеткені үшін ҚКО ұжымына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.