Асемгул Сакенова

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылында туып, өстім. 1999 жылы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне түсіп, 2003 жылы қызыл дипоммен аяқтадым. Туған жеріме келіп, «Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2003-2006 жылдары Семей мемлекеттік инситутының сырттай бөлімін аяқтап, жоғары білім алдым. Жан-жақты, ізденіспен жұмыс істеп, еңбегімнің жемісін көрдім. І санатты растап, Кембридж бағдарламасының ІІІ деңгейі бойынша білімімді жетілдірдім. Бағдарлама негізінде білім берудегі көзқарасымды өзгерттім, тәжірибеме жаңа оқыту әдістерін енгіздім.
Бүгін де Астана қаласында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде еңбек етудемін. Қалалы жерге келгелі ізденіс деңгейім де артты. Себебі, алдымда отырған балалардың қабілетін дамытып, дарынын ашу үшін үлкен жауапкершілік жүктелгенін білемін.