Мен, Утегенова Роза Қасымқызы Қызылорда қаласындағы №235 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімімін. 26 жыл еңбек өтілі бар,1 деңгейлі,жоғары санатты,педагог-зерттеушімін. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңадария ауылында, көп балалы жанұяда 18 қыркүйек 1974 жылы дүниеге келдім.
1981 жылы осы Жаңадария ауылындағы № 203 орта мектебінің табалдырығын аттап, 1989 жылы 8 сыныпты ерекше үлгідегі куәлікпен бітіріп,Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педогогикалық училищесіне оқуға түстім.
1993 жылы осы оқуды аяқтап,өз ауылымдағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.
Қызылорда қаласындағы “Болашақ” университетінің “бастауыш сыныпта оқыту” мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын сырттай 2001-2004 жылы аяқтадым.
1998 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №235 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін. Мектепте бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісімін.
2015 жылы бірінші (ілгері) деңгей курсын аяқтап,сертификатталдым. 2016 жылдан бері мектеп тренерімін. «Мектептегі тәжірибе» курсын жүргізіп келемін.
Отбасылымын,екі баланың анасымын
Жетістіктерім: Халықаралық,республикалық ,облыстық бауқауларға оқушылар дайындап ,жүлделі орындарды иелендім.Қалалық ,облыстық білім бөлімінің мақтау қағазымен ,»НұрОтан» құрмет грамотасымен,алғыс хаттармен марапатталдым. Әдістемелік жинақ шығарылды. Баспасөз беттеріне мақаларым шығарылды. Оқушыларым қалалық ғылыми жобалардан,мәнерлеп оқу сайсытырынан жүлделі орындар алды. «Дарын» олимпиадаларының жүлдегерімін және оқушыларымды дайындап қатыстырамын.