ЖАРИЯ ОФЕРТА

ЖАРИЯ ОФЕРТА kko.kz сайтының сервистеріне қолжетімділік беру туралы

Алматы қ. 05.01.2026 ж.

Осы құжат «Мұхаметбеков» ЖК (бұдан әрі — Орындаушы) ресми ұсынысы болып табылады және кез келген жеке тұлғаға (бұдан әрі — Пайдаланушы) бағытталған.

1. Шарттың мәні 1.1. Орындаушы Пайдаланушыға kko.kz сайтының Жеке кабинеті (https://kko.kz/my/) арқылы тестілеуден өту немесе материалдарды жүктеу үшін техникалық қолжетімділікті ұсынады. 1.2. Пайдаланушы төлем жасауға және Сайттағы әрекеттерді өз бетінше орындауға міндеттенеді.

2. Қызмет мерзімі және Құжаттарды тексеру 2.1. Техникалық қолжетімділік төлемнен кейін 48 (қырық сегіз) сағат ішінде беріледі. 2.2. Шағымдану: Егер 48 сағаттан кейін сайт істемесе, Пайдаланушы WhatsApp/Email арқылы видео-дәлелдеме жіберуге міндетті. Орындаушының ақауды жөндеуге қосымша 24 сағат уақыты бар. 2.3. Шынайылықты тексеру: Берілген құжаттардың (Диплом/Сертификат) шынайылығын кез келген тұлға https://kko.kz/natizheler/ бөлімінде тексере алады. Құжат осы базада болған жағдайда ғана жарамды деп танылады.

3. Пайдаланушының міндеттері 3.1. Пайдаланушы міндетті:

  • Жеке кабинетте деректерді (Аты-жөні, жұмыс орны) өз бетінше және қатесіз толтыру. Бұл деректер дипломға автоматты түрде түседі.

  • Тестілеуден өз бетінше өту немесе байқау тапсырмасын алу (сайттан немесе +7(707)708-0030 WhatsApp нөмірінен).

  • Тест тапсыру кезінде жауап нұсқаларын дұрыс белгілеу.

4. Жауапкершілікті шектеу 4.1. Орындаушы жауап бермейді:

  • Пайдаланушының Аты-жөнін жазудағы қателеріне.

  • Пайдаланушының қате жауаптарына немесе төмен балл алуына.

  • Жарнамалық сілтемелерге (Google AdSense, Yandex) өтуден туындаған шығындарға.

5. Төлем және ҚАЙТАРУ шарттары 5.1. Төлем Kaspi.kz арқылы онлайн жүргізіледі. 5.2. Ақша ТЕК бір жағдайда қайтарылады: 48 сағат өтті + видео-дәлелдеме бар + Орындаушы 24 сағатта түзете алмады. Басқа жағдайларда ақша қайтарылмайды.

6. Дербес деректер және НӘТИЖЕЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ 6.1. Осы Офертаны қабылдай отырып, Пайдаланушы Орындаушыға өзінің деректерін жинауға және көпшілікке жариялауға (публикациялауға) толық келісімін береді. Жарияланатын деректер:

  • Аты-жөні (қатысушы және жетекші);

  • Оқу орнының атауы;

  • Іс-шара атауы және нәтижесі (орын). 6.2. Аталған деректерді kko.kz сайтында және әлеуметтік желілерде (соның ішінде Instagram) жеңімпаздар тізімі немесе есеп ретінде жариялауға рұқсат етіледі. Пайдаланушыдан қосымша жазбаша рұқсат талап етілмейді.

7. Орындаушының деректемелері ЖК «Мұхаметбеков»,

  • ЖСН: 950527300349
  • Лицензия: №KZ15VPY00114510
  • Email: mailkkokz@gmail.com
  • WhatsApp: +7(707)708-0030