Шолпан Ботагазиновна Нугуманова

Нугуманова Шолпан Ботагазиновна 16.08.1971 жылы Семей облысы Шар ауданы Белогорка ауылында дүниеге келдім.1978 жылы «Верный путь» мектебіне 1 сыныпқа қабылданып 1986 жылы сегізжылдық мектебін аяқтадым.
1987 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дің 50-жылдығы атындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1991 жылы еңбек пен сызу оқытушысы, техникалық үйірмесінің жетекшісі болып бітіріп шықтым.1991 жылы №63 қазақ орта мектебіне тәрбиешіге қабылдандым. 1992жылынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып істеп жүрмін.1999жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне түсіп, 2002 жылы педагогика және бастауыш мектепте оқытудың әдістемесі мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1994 жылы отбасын құрып екі бала тәрбиелеп отырмын.